«Біз жастарға өзін-өзі қамтамасыз ететін және экономиканы тиімді ететін білім береміз»
AA+
«Біз жастарға өзін-өзі қамтамасыз ететін және экономиканы тиімді ететін білім береміз»
AA+
+7 (777) 777-77-77

Notice: Undefined index: headerType in /var/www/vhosts/aralsk-aitk.edu.kz/httpdocs/templates/shkola_it/html/mod_btn/authMobileDropdown.php on line 20
Вход в аккаунт kz

БІЛІМ АЛУШЫЛАРДЫҢ ІШКІ ТӘРТІП ЕРЕЖЕЛЕРІ

"Арал индустриалды-техникалық техникалық колледжі",   Арал қаласы

Ішкі тәртіп ережелері оқу уақытын тиімді пайдалануға, оқу процесінің сапасын жақсартуға, оқу тәртібін нығайтуға, колледж студенттерінің мінез-құлық мәдениетін тәрбиелеуге ықпал етуге бағытталған және осы ережеге сәйкес әзірленген.

Осы ережелерді қолдануға байланысты барлық мәселелерді колледж әкімшілігі оларға берілген құқықтар шегінде және ҚР қолданыстағы заңнамасына сәйкес шешеді.

1.1. Білім алушылардың құқықтары мен міндеттері

Құқығы бар: 

  • мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарына сәйкес сапалы білім алуға;
  • педагогтік кеңестің шешімі бойынша жалпыға міндетті мемлкеттік білім беру стандарттары шеңберінде жеке оқу жоспарлары, қысқартылған білім беретін оқу бағдарламалары бойынша оқуға;
  • өзін-өзі басқару органдары мен қоғамдық ұйымдар арқылы колледж қызметіне қатысты мәселені талдау және шешуге қатысуға;
  • колледж жарғысымен белгіленген тәртіпке кітапхананы, ақпараттық ресурстарды, спорт, оқу, акт залдарын тегін пайдалауға;
  • өзінің пікірі мен сенімін еркін білдіруге;
  • өзінің адамдық қадір- қасиетінің құрметтелуіне;
  • колледж директорымен бекітілген тәртіпте бір мамандықтан басқасына ауысуға;
  • ҚР заңнамасымен сәйкес әскери қызметке шақырылу мерзімін кейінге қалдыруға;
  • оқудан бос уақытты оқуды қандай да бір меншік нысанындағы кәсіпорындарда, ұйымдарда жұмыспен ұштастыруға;
  • оқудағы, ғылыми және шығармашылық қызметтегі табыстары үшін көтермеленуге және сыйақы алуға құқығы бар.   

     Бюджеттік қаражат есебінен оқытудың күндізгі нысаны бойынша білім алушылар    белгіленген тәртіпте жатақханадағы орындармен, қолданылып жүрген заңнамаға сәйкес жеңілдіктермен қамтамасыз етіледі.

Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды оқыту  толық мемлекеттік  қамтамасыз ету негізінде жүзеге асырылады.

Міндетті:

  • колледж Жарғысының, білім алушылардың ішкі тәртіп ережелерінің талаптарын орындауға ( ҚР«Білім туралы» заңының 47-бабының 14-т.);
  • мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартары көлемінде білімді, шеберлікті және практикалық дағдыларды меңгеруге, оқу жоспарын және бағдарламамен көзделген талаптарды орындауға;
  • рухани және тән саулығын өздігінен жетілдіруге ұмтылуға, педагог қызметкерлердің, бірге оқитын жолдастарының ар-намысы мен қадір – қасиетін құрметтеуге;
  • колледждің қадір-қасиетін және оның дәстүрлерін сақтауға (ҚР «Білім туралы» заңының 47- бабының 16-т.);
  • қауіпсіздік, өмірі мен денсаулығын сақтау ережелерін білуге және орындауға;
  • салауатты өмір салтын ұстауға;
  • сабақта болу уақытында іскерлік киім үлгісін сақтауға;
  • колледждің меншігін ұқыптап ұстауға, үй-жайлар мен колледж аумағында тазалық пен белгіленген тәртіпті сақтауға, жабдықтардың, құрал-саймандардың, құрал-жабдықтардың, оқу шеберханаларды үй-жайының жұмыс күйін қолдауға;
  • білім алушылардың өздері, ата-аналар, олардың орнындағы адамдар колледжге білім алушылардың кінәсімен келтірілген материалдық нұқсанның орнын толтыруға міндетті.

1.2. Колледж қабырғасында  білім алушыларға тыйым салынады:

  • сабақ уақытында ұялы байланыс құралын қолдануға;
  • колледжге және оның аумағына кару, сұғу/кесу немесе өткір заттар, доғал құралдар,

      жарылғыш және тұтанғыш заттар, химиялықжәне улы заттар, тез тұтанғыш

      заттегілерін, уытты заттар, улар,темекі өнімдерін және спиртті ішімдіктер әкелуге т.б;

  • өзара қарым-қатынасты анықтау немесе бопсалаушылық мақсатында күш көрсетуге;
  • айналасындағылар үшін, өзінің өмірі мен денсаулығы үшін қауіп төндіретін қандайда

      бір әрекет жасауға;

  • колледж үй-жайында және аумағында темекі шегуге;
  • діни төлсипаттар пайдалануға тыйым салынады.
  1. Жауапкершілік және көтермелеу шаралары

   2.1.  Білім алушылардың міндеттерін бұзғаны үшін оларға тәртіптік жазалар қолданылуы мүмкін:

  • ескерту;
  • сөгіс;
  • білім алушылар құрамынан шығару.

2.2. Білім алушылар сабақ және өндірістік практика уақытында зертханада, шеберханада, кабинеттерде тек қана сабақ жетекшісімен көрсетілген құрал-саймандарды, аспаптарды қолдануға, оларды ұқыптап ұстауға және қауіпсіздік техникасы ережелерін сақтауға міндетті.

2.3. Қоғамдық тапсырманы орындау үшін білім алушыларды әкімшіліктің рұқсатынсыз сабақтан босатуға тыйым салынады.

2.4.  Ауруы немесе басқа да дәлелді себеппен сабаққа келмеген жағдайда директордың оқу-тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарына немесе топ жетекшісіне үш күн мерзімде хабарлауы керек. Ауырған жағдайда білім алушы амбулаторлық дәрігердің немесе емдеу мекемесінің белгіленген нысандағы анықтамасын береді.

    2.5.  Тәртібі үлгілі және қоғамдық жұмысқа белсенді қатысатын білім алушыларға жақсы

      үлгерімі, өндірістік оқытудағы жоғарғы көрсетікштері үшін келесі көтермелеулер

      белгіленеді:

  • алғыс;
  • бағалы сыйлықтармен, ақшалай сыйлықтармен марапаттау.
    • Білім алушыларды   көтермелеу қоғамдық ұйымдардың келісімі бойынша оқу орнының әкімшілігімен жүзеге    асырылады.

2.7. Оқу тәртібі, ішкі тәртіп ережелерін бұзғаны үшін білім алушыларға келесі тәртіптік жазалар қолданылуы мүмкін:

  • ескерту (оқытушымен немесе топ жетекшісімен жасалады);
  • сөгіс (директордың бұйрығымен жарияланады);
  •   оқу орынан шығару.

2.8. Аралық немесе қорытынды аттестация барысында үш немесе одан артық пәннен «қанағаттанарлықсыз» баға алған, дәлелсіз себеппен сабақтан қалған, спиртті ішімдіктер мен есірткі заттарын қолданған, білім алушылар арасындағы жарғылық емес қарым-қатынас үшін, колледж мүлкін аса ірі мөлшерде бұзған, колледж қызметкерлерінің ар-намысы мен қадір қасиетін қорлаған білім алушылар оқудан шығарылады.

2.9. Білім алушылар тұрғылықты жерін ауыстыруға, басқа оқу орнына ауысуына, жұмысқа орналасуына байланысты өз еркімен оқудан шығарылуы мүмкін.

  1. Оқу үй-жайларындағы тәртіп

3.1. Оқу үй-жайларын жабдықтау үшін (жиһаздар мен жабдықтардың түзулігін, тазалық пен қалыпты температураны, жарықтың түзулігін қолдау) директордың әкімшілік-шаруашылық жұмысы жөніндегі орынбасары жауап береді.

3.2. Зертханалар мен кабинеттердің жабдықтарының түзу ұсталуы, оқу материалдарын сабаққа дайындау үшін зертханашылар, кабинет пен зертхана меңгерушілер жауап береді.

3.3. Оқу орнының үй – жайына сыртқы киіммен жүруге, қатты сөйлеуге, сабақ кезінде фойеде шулауға; арнайы бөлінбеген жерде темекі шегуге тыйым салынады.

3.4. Оқу шеберханаларында, зертханаларда және оқу кабинеттерінде қауіпсіздік техникасы мен еңбекті қорғау бойынша нұсқаулықтар ілінуі керек.

3.5. Барлық оқу бөлмелерінің кілттері вахтада болуы қажет және директордың шаруашылық жұмысы жөніндегі орынбасарымен белгіленген тізім бойынша берілуге тиіс. Кабинеттердің, шеберханалардың, залдардың кілттерін вахтаға тапсыру үшін жауапкершілік соңғы сабақты жүргізген оқытушыға жүктеледі.       

        3.6. Азаматтардың құқықтарын бостандығын және заңды мүдделерін қорғау және жүзеге

      асыру  мақсатында білім алушылар мен келушілер үшін қабылдау уақыты:

  • колледж директоры - дүйсенбі күні сағат 15-00-17-00;
  • директордың оқу-жұмыстары жөніндегі орынбасары - сейсенбі  сағат 15-00-17-00;  
  • директордың оқу-тәрбие  жөніндегі орынбасары  - сәрсенбі  сағат 15-00-17-00;
  • директордың оқу-өндірістік жұмысы жөніндегі орынбасары - бейсенбі сағат 15-00-17-00 дейін.

         3.7.  Колледждің ішкі тәртіп ережелері педагогикалық кеңесте талқыланып директор

        бекітеді, кәсіподақ комитетінің төрағасымен келісіледі және ұжым мүшелерінің барлығына

        жеткізіледі.  

  1. ҚОРЫТЫНДЫ

4.1.  Осы ішкі тәртіп ережелерінің нормалары мен ережелері инженер -педагог құрамның және қызметкерлердің еңбек және кәсіптік қызметінде қолданылуға және қатаң орындалуға міндетті.

4.2. Осы ішкі тәртіп ережелерінің қолданылу мерзімі шектелмеген.
4.3.   Осы ішкі тәртіп ережелері Арал индустриалды-техникалық колледжі директорының  қолы қойылғаннан күннен бастап қолданысқа енеді.