«Біз жастарға өзін-өзі қамтамасыз ететін және экономиканы тиімді ететін білім береміз»
AA+
«Біз жастарға өзін-өзі қамтамасыз ететін және экономиканы тиімді ететін білім береміз»
AA+
+7 (777) 777-77-77
Вход в аккаунт kz

Әлеуметтік серіктестік дегеніміз - еңбек және әлеуметтік-экономикалық қатынастарды реттеу мәселелері бойынша мүдделер ортақтығын қамтамасыз етуге бағытталған жұмысшылар, жұмыс берушілер және мемлекеттік органдар арасындағы қатынастар жүйесі.

Әлеуметтік әріптестік шеңберіндегі кәсіпорындармен белсенді ынтымақтастық жұмысшы кадрлар мен мамандарды даярлауға неғұрлым икемді қарауға және бәсекелестік стратегияларды әзірлеуге мүмкіндік береді.

Мұндай ынтымақтастықтың мақсаты:

- еңбек нарығымен өзара әрекеттердің жаңа түрін орнату қажеттілігін түсіну, өз әлеуетін бағалау, индустрияның қажеттіліктерін түсіну;

- әлеуметтік серіктестермен тұрақты байланыс орнату.

Осы шеңберде ынтымақтастық туралы шарттар дайындалып, әлеуметтік әріптестердің әртүрлі санаттарымен өзара іс-қимыл технологиясы пысықталды. Яғни колледж студенттеріне өндірістік практиканы өткізуге келесі жеке серіктестіктермен келісімшарттар жасалды:

  • АҚ «Аралтұз» зауыты – МЕМОРАНДУМ
  • «Agrofish 2020» ЖШС балық өңдеу зауыты – МЕМОРАНДУМ
  • ДК «Ай-Аружан» - тігін цехы – МЕМОРАНДУМ
  • «Арал құрылысы» ЖШС – МЕМОРАНДУМ
  • ДК «Келжанова А» – тігін цехы
  • ДК «Батыр» – тігін цехы
  • «Агроөнеркәсіптехника» ЖШС
  • СДО «Қарашалаң» ЖШС
  • ДК «Інжу-балық»
  • ДК «Қараев Ж»
  • ДК «Қошқарбаев С»
  • "Қызылорда Электржелісін Тарату Компаниясы" АҚ Арал аудандық филиалы
  • ДК «Нысанов М»
  • ДК «Н.Дуйсенов»
  • ДК «Шукуров Т»
  • ДК «Нұрмағанбетов А»
  • ДК «Бижанов С»
  • Оңтүстік аймақтық телекоммуникация дирекциясы Қазақтелеком Ақ филиалы
  • ДК «Джумашев Ж»
  • ДК «Хусайнов»
  • ДК «Сейтов А»
  • ЖШС «DALATEX»
  • ҚБ Арал мүгедектігі бар адамдарды қолдау
  • ЖШС «Әділет Сервис-2002»
  • ЖК “Наукеев”

Колледждің табысты қызметінің шарттары еңбек нарығын зерделеу, жұмыс берушілердің біліктілік талаптарын нақтылау, әлеуметтік әріптестердің нақты мүдделерін есепке алу, білім беру қызметтері сапасының көлемін дамыту жолымен өзіндік бәсекеге қабілеттілігін арттыру, мемлекеттік, жеке және қоғамдық ұйымдармен тығыз өзара әрекет жасау болып табылады.

Колледждің жұмыс берушілермен өзара іс-қимылының негізгі және басым түрлерінің бірі оқу және кәсіптік практикадан өтуді ұйымдастыру болып табылады.

Колледж ауданның ондаған кәсіпорындарымен ынтымақтасады және олардың негізінде студенттер өндірістік оқыту мен кәсіби практикадан өтеді.

Теорияны өндіріспен ұштастыра оқыту, дуалды оқыту әдістемесін жүзеге асыруда әлеуметтік серіктестермен тұрақты байланыс орнатылған. Сонымен қатар Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен 2025жыл «Жұмысшы мамандықтар жылы» болып жариялануына байланысты Техникалық және кәсіптік білім беру жүйесін реформалауды жүзеге асыру мақсатында кәсіптік техникалық білім беруді трансформациялаудың

2025-2027 жылдарға арналған «Жол картасы» аясында республика көлеміндегі техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарымен ынтымақтастық меморандумы жасалды. Олар: Түркістан облысы білім басқармасының
 «Түркістан жоғары көпсалалы қолөнер колледжі»;
«Түркістан индустриалды-құрылыс колледжі»; 
«Д.Қонаев атындағы аграрлық-техникалық колледжі»; 
«Дәуренбек Құрманбеков атындағы №20 колледж»;
«Түркістан облысы №16 колледжі;
«Түркістан облысы №11колледжі;
«Түркістан облысы №14 колледжі;
«Түркістан облысы №8 колледжі;
«Оңтүстік Қазақстан индустриалды-инновациялық колледжі».