Арал индустриалды-техникалық колледжі директордың тәрбие жұмыстары жөніндегі орынбасы Н.Жұмаева және колледж аяжаны А.Қосымбаеваның ұйымдастыруымен жұқпалы тері және жыныстық жолмен берілетін инфекциялардың алды алу мақсатында 2024 жылға арналған ведомствоаралық, салааралық бағытта атқарылған іс-шаралар жоспарына сәйкес "Жыныстық жолмен жұғатын аурулар" тақырыбында студенттерге Арал аудандық СЭС паразитарлық бөлімінің бас маманы Г.Жалмағанбетова, Жастар денсаулық бөлімшесінің маманы М.Сайымова, психолог Ә.Жақсылықова, ПЭК АИТВ-ЖИТС кабинетінің дәрігері Г.Жұмағұлованың дәріс оқыды.
Егер жыныстық жолмен жұқтыру қаупі болған жағдайда, дәрігерге міндетті түрде қаралу қажет. Себебі, профилактика, ерте диагностика және дәрігерлер тағайындаған дәрі-дәрмектермен емделу ауыр зардаптардан қорғайды.
Дәріс барысында студенттер аурудың таралу жолдары және АИТВ-инфекциясын, ЖЖБИ-ді қалай қауіпсіз сақтануға болатындығы туралы ақпаратпен толық танысты.