17 наурыз күні жылдағы дәстүр бойынша Арал индустриалды-техникалық колледжі әкімшілігі Рамазан айында ораза ұстап, қадір-қасиетін ұлықтап ниет еткен өздерінің қызметкерлеріне ауызашар ұйымдастырып отырады. Осы дәстүр биыл да өз жалғасын тапты.
Ауызашарға колледжде қызмет жасап, зейнетке шыққан ардагерлер арнайы шақырылған. Әрқайсысының өмір жолы, тәжірибесі өскелең ұрпаққа үлгі өнеге. Сондықтан рухани жаңғыруды баршамыз қолдап, ондағы бағыттар бойынша жұмысқа кіріссек, тұрмысымыз жақсаратыны анық деп есептейді басшымыз.
Рухани жаңғыру ұлттық құндылықтарымызды, тарихи мәдени мұраларымызды сақтап келешек ұрпаққа жеткізу. Ұлттық ойындар ойнатылып, мерекелік ән шырқалып, би биленді. Колледж директоры Айназаров Рақым ардагерлерді колледж жаңалықтарымен және алдағы жоспарларымен таныстырып өтті. Қонақтарға наурыз көже, ұлттық тағамдар ұсынылды. Үлкен ас-ет таратылып, ақсақалдардан бата алынды. Ардагерлерге сый-сияпаттар таратылды.
«Өлі риза болмай, тірі байымайды» деген ниетпен колледжде қызмет етіп, бақилық болған қызметкерлерді еске алып, құран бағышталды.
Колледж ардагерлері мен қонақтар өздеріне көрсетілген қошемет, ізгі ниеті үшін колледж басшылығына, ұжымға алғыс айтып, ризашылықтарын білдірді.