Құқықтық мәдениетті қалыптастырып дамыту – еліміздің болашағын айқындаушы көрсеткіштердің бірі.
Колледжіміз жас ұрпаққа сапалы біліммен бірге саналы тәрбие беру мәселесін басты назарда ұстайды. Жасөспірімдердің арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу және оны болдырмау үшін құқықтық білімді жетілдіру керек. Осы орайда үстіміздегі жылдың 24 сәуір күні аудандық кәмелетке толмағандар істері жөніндегі учаскелік полиция, лейтенант испекторы Б.Ерекеевтің қатысуымен колледж жатақханасында студенттердің құқықтық мәдениетін қалыптастыру, жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын-алу, кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстың өсуіне жол бермеу мақсатында «Құқықтық тәрбие – уақыт талабы» тақырыбында дәріс өткізілді.
Дәріске қатысқан жатақхана студенттері тақырып бойынша өз сұрақтарын қойып, көптеген мәліметтерден хабардар болды.