Рамазан айында ауызашар берудің сауабы өте мол. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Аузы берік жанды ауызашарға шақырып тамақ берген кісі – ораза ұстаған адамның алатынындай сауап алады. Аузы берік адамның сауабынан да еш нәрсе кемімейді», деген ұстаныммен ақпан айының 25-ші жұлдызында «Арал аудандық орталық» мешітінің ұйымдастыруымен Арал индустриалды –техникалық колледжінің жатақханасында аузы берік білім алушыларға ауызашар жасады. Ауызашарға "Арал аудандық орталық" мешітінің бас имамы Мырзағазиев Ануар Махсатұлы және мешіттің дін өкілдері қатысты.

