«Біз жастарға өзін-өзі қамтамасыз ететін және экономиканы тиімді ететін білім береміз»
AA+
«Біз жастарға өзін-өзі қамтамасыз ететін және экономиканы тиімді ететін білім береміз»
AA+
+7 (777) 777-77-77
Вход в аккаунт kz

Кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылық пен қылмыстың алдын алу мақсатында колледж білімгерлерімен кездесу өтті. Іс - шараға Қызылорда облысының полиция департаменті Жергілікті полиция қызметі басқармасының аға инспекторы, полиция майоры Р.Абдразақова және Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының бөлім бастығы, полиция подполковнигі Б.Еркінов қатысты.

Кездесу барысында студенттерге құқықтық сауаттылықты арттыру, қоғамдағы тәртіп пен қауіпсіздікті сақтау, құқық бұзушылықтың зардаптары жөнінде кеңінен түсіндірілді.

Бұл шара жастардың құқықтық мәдениетін қалыптастыруға және қоғам алдындағы жауапкершілігін арттыруға бағытталды.