«Біз жастарға өзін-өзі қамтамасыз ететін және экономиканы тиімді ететін білім береміз»
AA+
«Біз жастарға өзін-өзі қамтамасыз ететін және экономиканы тиімді ететін білім береміз»
AA+
+7 (777) 777-77-77
Вход в аккаунт kz

Наурыз айының 20 - шы жұлдызында колледже «ЖАСТАР - ДІНИ ЭКСТРЕМИЗМ МЕН ТЕРРОРИЗМГЕ ҚАРСЫ» тақырыбында кездесу өтті.

• Отаров Асет Жалдыбайұлы - Арал ауданының қоғамдық даму бөлімінің маманы

• Өтегенов Бексұлтан Әскербекұлы - Арал аудандық жастар ресурстық орталығының маманы ( теолог)

• Ильясов Бекжан Қуантқанұлы - Арал аудандық орталық мешітінің найб имамы

Мақсаты - діни экстремизм мен терроризмнің қауіптілігін түсіндіру, жастардың санасында дұрыс көзқарас қалыптастыру және бейбіт қоғам құндылықтарын дәріптеу.

Бүгінгі қоғамда адамзат қауіпсіздігі мен тұрақтылығына үлкен қауіп төндіретін мәселелердің бірі - діни экстремизм мен терроризм. Дін - адамзатты ізгілікке, бейбітшілікке, адамгершілікке шақыратын рухани құндылық. Алайда кейбір теріс пиғылды топтар дінді өз мақсаттарына пайдаланып, адамдарды адастырып, қоғамда алауыздық тудыруға тырысады. Осындай әрекеттердің салдарынан экстремизм мен терроризм сияқты қауіпті құбылыстар пайда болады.

Діни экстремизм - діни идеяларды асыра пайдаланып, қоғамға жат, радикалды көзқарастарды насихаттау болса, терроризм - қорқыту, күш көрсету арқылы өз мақсаттарына жетуді көздейтін қылмыстық әрекет. Бұл құбылыстар қоғамның тыныштығын бұзып қана қоймай, адамдардың өміріне, мемлекет қауіпсіздігіне үлкен зиян келтіреді.

Сондықтан әрбір азамат, әсіресе жас ұрпақ, мұндай теріс идеологиялардың мәнін түсініп, олардың зиянын жете білуі керек. Білім мен саналы ойлау - экстремизм мен терроризмге қарсы ең мықты қорған. Біздің міндетіміз - бейбітшілікті, бірлікті, толеранттылықты сақтау және қоғамда тұрақтылықты нығайту.