«Біз жастарға өзін-өзі қамтамасыз ететін және экономиканы тиімді ететін білім береміз»
AA+
«Біз жастарға өзін-өзі қамтамасыз ететін және экономиканы тиімді ететін білім береміз»
AA+
+7 (777) 777-77-77
Вход в аккаунт kz

2025 жылғы 26 қарашада өндірістік оқу шебері Сисенова Дана мен информатика пәнінің оқытушысы Боташова Арайлым «Жасанды интеллекттің пайдасы мен зияны» атты пікірталас өткізді. Шараға №131, №138 «Бағдарламалық қамтамасыздандыруды құрастырушысы» топтары қатысты.

Іс - шараның мақсаты - жасанды интеллекттің адам өміріндегі рөлі, оның артықшылықтары мен қауіптері жөнінде ой бөлісу, оқушылардың сыни ойлау қабілетін дамыту.

Пікірталас барысында білім алушылар екі топқа бөлінді: «Цифрлық даму» және «Технологиялық қауіп». Пікірталаста екі топ өз ойларын ортаға салды. Жасанды интеллекттің пайдасы мен зияны туралы жан - жақты мағлұматтар берді. Нәтижесінде «Цифрлық даму» тобы жеңіске жетті.