«Біз жастарға өзін-өзі қамтамасыз ететін және экономиканы тиімді ететін білім береміз»
AA+
«Біз жастарға өзін-өзі қамтамасыз ететін және экономиканы тиімді ететін білім береміз»
AA+
+7 (777) 777-77-77
Вход в аккаунт kz

2025 жылғы 24 қарашада Арал индустриалды-техникалық колледжінде Бағдарламалық қамтамасыз ету бірлестігінің «Жасанды интеллект дәуірі» атты апталығының ашылу салтанаты болып өтті.

Шарада бірлестік жетекшісі Қонысбайқызы Айнагүл апталықтың жоспарымен және атқарылатын жұмыстар ретімен таныстырды.  
Шараның негізгі мақсаты – білім алушыларды жасанды интеллект технологияларымен таныстырып, оны бағдарламалық қамтамасыз етуде қолдану мүмкіндіктерін көрсету, цифрлық сауаттылықты арттыру, инновациялық ойлау қабілетін дамыту және болашақ IT-мамандардың кәсіби бағдарын кеңейту.

Жасанды интеллект дәуірі – жаңа мүмкіндіктердің, озық идеялардың және инновациялық шешімдердің уақыты. Бұл дәуір білім алушыларға өз қабілеттерін дамытуға, заманауи технологияларды игеруге және болашақта сұранысқа ие маман болуға жол ашады.