«Біз жастарға өзін-өзі қамтамасыз ететін және экономиканы тиімді ететін білім береміз»
AA+
«Біз жастарға өзін-өзі қамтамасыз ететін және экономиканы тиімді ететін білім береміз»
AA+
+7 (777) 777-77-77
Вход в аккаунт kz

Жас талапкер, 2025-2026 оқу жылына оқуға құжат қабылдау басталды!

Бүгінгі дамыған қоғамда мамандықтардың түрі өте көп. Мемлекет басшысының қолдауымен 2025 жыл –Жұмысшы мамандықтар жылы деп жарияланып, жұмысшы мамандықтарды қоғамда дәріптеу және сол арқылы еңбекқор әрі нағыз маман болып қалыптасу идеясын насихаттауды мақсат етуде. Қазіргі уақытта елімізді дамытуда жұмысшы мамандардың рөлі ерекше.

 Сондықтан да, құрметті талапкерлер, Арал индустриалды-техникалық колледжі Сіздерді 2025-2026 оқу жылына 9-сынып негізінде ТЕГІН білім алуға шақырады.

Біздегі мамандықтар:

  1. «Электромеханикалық жабдықтарға техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану» (түрлері және салалары бойынша) – «Техник-электромеханик»;
  2. «Токарлық іс»(түрлері бойынша) – «Токарь»;
  3. «Дәнекерлеу ісі»(түрлері бойынша) – «Электргазымен дәнекерлеуші»;
  4. «Автомобиль көлігіне техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану» –«Автомобиль жөндеу слесарі»;
  5. «Балық өндірісі» – «Балық және теңіз өнімдерін өңдеуші»;
  6. «Тігін өндірісі және киімдерді үлгілеу» – «Тігінші», «Модельер-пішуші», «Техник-технолог»;
  7. «Ғимараттар мен құрылыстарды салу және пайдалану» – «Кең бейінді құрылыс жұмыстарының шебері»;
  8. «Бағдарламалық қамтамасыз ету»(түрлері бойынша) – «Бағдарламалық қамтамасыздандыруды құрастырушы».

ҰСЫНЫС – БІЗДЕН, ТАҢДАУ – СІЗДЕН!

Біздің мекен-жайымыз: Арал қаласы, Ә.Әленов көшесі №1үй

Телефон: 8724(33) 2-18-57, 8724(33) 2-14-50, @aitk_aral