«Біз жастарға өзін-өзі қамтамасыз ететін және экономиканы тиімді ететін білім береміз»
AA+
«Біз жастарға өзін-өзі қамтамасыз ететін және экономиканы тиімді ететін білім береміз»
AA+
+7 (777) 777-77-77
Вход в аккаунт kz

Кәмелетке толмағандар арасында Арал индустриалды - техникалық колледжінде «Сенің болашағың...отбасын жоспарлау мектебі» жобасын жүргізу жөніндегі түсіндірме жұмыстары жоспар бойынша 2026 жылдың 9 - ші сәуір күні өткізілді. Кездесуге «Арал аудандық көп бейінді орталық ауруханасы» әйелдерге кеңес беру орталығының акушер - гинекологы Әліпбаева Фариза Болатбекқызы, директордың тәрбие жұмыстары жөніндегі орынбасары Н.Жұмаева, колледж аяжаны А. Қосымбаева, колледж педагог - психологі А.Кенжебаева білімгерлерге «Жасөспірімдердің репродуктивті денсаулығы» тақырыбында түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Жастарға денсаулықты сақтау, ерте жүктіліктің алдын алу, жеке гигиена, дұрыс өмір салты туралы ақпарат берілді.