«Біз жастарға өзін-өзі қамтамасыз ететін және экономиканы тиімді ететін білім береміз»
AA+
«Біз жастарға өзін-өзі қамтамасыз ететін және экономиканы тиімді ететін білім береміз»
AA+
+7 (777) 777-77-77
Вход в аккаунт kz

«Жас маман, болашаққа бас қадам!» атты диплом табыстау рәсімі өтті

2025 жылғы 27 маусымда Арал индустриалды-техникалық колледж түлектеріне диплом табыстау рәсімі өтті. Салтанатты шараға ауданымыздағы бірқатар мекеме басшылары мен ата-аналар қатысты.
Шараның ашылуына арнайы келген аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Махатов Бауыржан Ібрашұлы жас мамандарды ең мерейлі сәтімен құттықтап, үздік дипломдарды табыс етті. Арал аудандық «Манап» орталығы филиалының басшысы Алдашев Жадырасын Темірханұлы да түлектерге диплом табыс етіп, ізгі тілегін білдірді. Колледж директоры Айназаров Раким Өтемұратұлы түлектердің жаңа қадамына сәттілік тілей отырып, ата-аналар мен ұстаздар қауымына алғысын білдірді. Белсенді әрі үлгілі түлектерімізді алғыс хатпен марапаттады. 

Биылғы оқу жылында колледжді 6 біліктілік бойынша 96 жас түлек бітіріп, жұмысшы мамандар қатарын толықтырғалы отыр.
Маңызды іс-шарада олардың бірқатарына алғашқы жұмыс орындарына жолдама табыс етілді. Жұмыс беруші мен колледж арасында жасалған келісім шарттар негізінде түлектер "Арал құрылысы" ЖШС, "Әділет Сервис-2002" ЖШС, ЖК "Келжанова А", ЖК "Асылай- ай", "Арал" "Мүгедектігі бар адамдарды қолдау" ҚБ, “Қазақстан темір жолы" Ұлттық компаниясы" АҚ "Ақтөбе сигнализация және байланыс дистанциясы" сынды іргелі мекемелерге жұмысқа орналасуда.

Мерекелік шара барысында педагогикалық қызмет жолында жемісті еңбегі үшін бірқатар ұстаздар облыстық және колледж кәсіподақ ұйымының атынан марапатқа ие болды.
Жас мамандардың кәсіптік еңбек жолына сәт сапар, қажымас қайрат, талмас талап тілейміз! Әрқашан жолдарыңыз ашық болсын! Еліміздің болашағы –сіздердің қолдарыңызда!