«Жарқын елдің шамшырағы – жас маман» атты диплом тапсыру рәсімі болып өтті
2026 жылғы маусым айының 26-шы жұлдызында Арал аудандық мәдениет үйінде Арал индустриалды-техникалық колледжін бітіруші түлектеріне арналған «Жарқын елдің шамшырағы – жас маман» атты диплом тапсыру рәсімі өткізілді.
Диплом тапсыру кешіне колледждің әлеуметтік серіктестері, колледж ардагерлері арнайы шақыртылып, тілек –лебіздерін білдіріп, студенттерімізге дипломдар табыстады.
Шара барысында колледж директоры мен кәсіподақ ұйымының, аудандық Жастар ресурстық орталығының марапаттарымен ата –аналар, инженер –педагогтер және бітіруші түлектерге алғыс хаттар мен мадақтамалар табысталды.

