«Біз жастарға өзін-өзі қамтамасыз ететін және экономиканы тиімді ететін білім береміз»
AA+
«Біз жастарға өзін-өзі қамтамасыз ететін және экономиканы тиімді ететін білім береміз»
AA+
+7 (777) 777-77-77

Notice: Undefined index: headerType in /var/www/vhosts/aralsk-aitk.edu.kz/httpdocs/templates/shkola_it/html/mod_btn/authMobileDropdown.php on line 20
Вход в аккаунт kz

2024-2025 оқу жылының 4 - 8 қараша аралығында "Жаратылыстану пәндері" бірлестігінің ұйымдастыруымен "Жаратылыс сыры - ғылымда" атты апталық өтуде. Апталық мақсаты: білім алушылардың пәнге деген қызығушылықтарын арттыру, танымдық және логикалық қабілеттерін жетілдіру, ұлттық құндылықтарымызға сый-құрмет көрсетуге тәрбиелеу.
 5 қараша күні апталық жоспарына сәйкес математика пәнінің оқытушысы Г.Турениязованың ұйымдастыруымен "Математикалық регата" атты интеллектуалды ойыны болып өтті. Ойынға І курс білім алушыларынан құралған "Алгебра" және "Геометрия" топтары қатысты. Қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбаевтың "Ғылым таппай мақтанба" өлеңіндегі "бес асыл іс" пен "бес дұшпан" арқылы топқа бөлінді. 
Ойын кезеңдері
1. Қас-қағым сәт
2.Мақал-мәтелдер сайысы
3. Мен жаңылмаймын
4. Сарқырамадан өту
Барлық кезең қорытындысына сәйкес "Алгеба" тобы басым ұпаймен жеңіске жетті.
Апталықтың үшінші күні, 6 қарашада физика пәнінің оқытушысы Г.Бердімұратова 
“Физика - әлем кілті” сайыс сабағын өтті. Білім алушылардың білім деңгейін анықтау, логикалық ойлау қабілеттері мен жағдаяттан шығу дағдыларын дамыту мақсатында өткен бұл сайыс төмендегі турлардан тұрды: 
1 - тур «Ойға шабуыл» ( Әр сұрақ 1 ұпай)
2 - тур. «Физика тілінде сөйлесейік» ( әр сұрақ 1 ұпай )
3 - тур «Ойлан тап» ( әр сұрақ 5 ұпай) 
4 - тур Физикалық тәжірибелер (әр топ бір тәжірибе жасайды). "Атом" және "Молекула" тобы боп сайысқан топтар жоғары деңгейде білімдерін шыңдады.