Бүгін Арал индустриалды - техникалық колледжінде "БІЛІМ МЕН ТЕХНОЛОГИЯ - БОЛАШАҚТЫҢ КІЛТІ" атты «жаратылыстану пәндері» бірлестігінің апталығы бастау алды!
Апталықтың мақсаты - жас ұрпақтың бойында ойлау мәдениетін, ғылыми ізденісті, жасанды интеллект дәуірінде адами құндылықты сақтай білуді қалыптастыру.
Бұл апталық - тек білім сайысы емес, рухани тазалық пен адалдықты, ұлттық құндылық пен заманауи ғылымды тоғыстырған шығармашылық алаң.
Математика - ой дәлдігі
Физика - табиғат тілі
Химия - өмір сыры
Биология - тіршілік тынысы
Информатика - болашақ кілті
Бұл апталық - болашақ адал азамат, саналы тұлға, жаңашыл маман тәрбиелеудің жарқын қадамы болмақ.


