"Жаратылыс сыры - ғылымда" атты жаратылыстану пәндері бірлестігі апталығының жоспарына сәйкес "Білімді ұрпақ - ел болашағы" тақырыбында бірлестік мүшелерінің ұйымдастыруымен апталықтың қорытынды кеші болып өтті. Білім алушылардың пәндік білімдерін жинақтау және жан жақты ойлау қабілеттері мен жылдамдықтарын арттыру мақсатында "Не? Қайда? Қашан?" ойыны арқылы математика, физика, химия, биология пәндері бойынша тапсырмалар орындады.
Қорытындыға 1 - курс білім алушыларынан құралған "Білгірлер" және "Көрермендер" деп аталатын екі топ қатысады. Ойын қортындысы бойынша
"Көрермендер" тобы жеңіске жетті. Апта бойы апталық жоспарына сәйкес өткізіліп жатқан барлық іс-шараға белсенді қатысып, өздерінің білімдері мен жан-жақты қабілеттерін көрсеткен барлық білім алушыларға бірлестіктің атынан алғыс білдір.