“Тігіншілік - қол мен қиялдың еңбегі” атты апталықтың үшінші күні 27 қараша күні “Жанданған қолөнер” атты шеберлік сағаты арнайы пән оқытушысы Ибрагимова Ляззат Әлжанқызының ұйымдастыруымен өткізілді. Білім алушыларға қолөнер туралы жалпы түсінік беріліп, қолөнер туралы тың ақпараттармен таныстырылды. Сабақ барысында дельфин ойыншығының жасалу жолдары таныстырылып көрсетілді. Қосымша тасбақа, қалам ойыншықтарыныңда жасалу жолдары түсіндірілді. Сабақ соңында заманауи сергіту сәттері “Кім зерек?” және “Интуиция” ойындары ұйымдастырылды. Білімгердің қызығушылықтары оянып сабаққа белсене қатысты.