"Жақсылық пен жамандықты айыра біл - Абайдың «Масғұт» поэмасындағы адамдық жол" тақырыбында Абайдың Масғұт поэмасын талдау сабағы.
Үстіміздегі жылдың желтоқсан айында Арал индустриалды - техникалық колледжінде «Балалар кітапханасы» жобасы аясында Ұлы ақын, ағартушы, ғұлама, ойшыл, Абай (Ибраһим) Құнанбайұлының 180 жылдығына орай кітапханашы Г.Бүркітова мен қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы П.Қанатованың ұйымдастыруымен "Жақсылық пен жамандықты айыра біл - Абайдың «Масғұт» поэмасындағы адамдық жол" тақырыбында Абайдың «Масғұт» поэмасын талдау сабағы өткізілді.
Мақсаты: студенттерге Абайдың "Масғұт" поэмасындағы тәрбиелік идеяларды түсіндіру; Масғұтты таңдауы арқылы ақынның адамгершілік, ізгілік, қанағат жайлы айтқан ойларын меңгерту; студенттерді жақсы мен жаманды айыруға, дұрыс шешім қабылдауға тәрбиелеу.


