«Жақсы мамандық - жарқын болашақ кепілі!» тақырыбында кәсіби бағдар жүргізілуде
«Жақсы мамандық - жарқын болашақ кепілі!» тақырыбында қаламыздағы №71 мектепте, қазіргі таңдағы сұранысқа ие мамандықтармен таныстыру мақсатында оқушылармен кездесу өткізілді. Кездесуге Арал индустриалды-техникалық колледжінің «Тігінші» мамандығының өндірістік оқыту шеберлері Алиева Күнзираш пен Қуанышова Гүлназ қатысты.
Кездесу барысында мамандарымыз өз қызметтерінің қыр-сырларымен бөлісіп, оқушыларға маңызды кеңестер айтты.
Өз кезегінде оқушылар мамандықтарға байланысты сұрақтар қойып, пікір алмасып, мамандыққа деген көзқарастарын кеңейтіп, түрлі ақпараттар алды.