«Біз жастарға өзін-өзі қамтамасыз ететін және экономиканы тиімді ететін білім береміз»
AA+
«Біз жастарға өзін-өзі қамтамасыз ететін және экономиканы тиімді ететін білім береміз»
AA+
+7 (777) 777-77-77
Вход в аккаунт kz

Жаңа жыл әрбір студенттің жүрегіне қуаныш, үміт пен шабыт сыйлайтын мереке. Осы мереке қарсаңында Арал индустриалды - техникалық колледж студенттеріне арналған салтанатты жиын болып өтті. Жиында колледж директоры Айназаров Раким Өтемұратұлы құттықтау сөз сөйлеп, білім алушыларды Жаңа жыл мерекесімен құттықтап, ізгі тілегін білдірді. Сонымен қатар оқу үдерісіне жауапкершілікпен қарап, колледж өміріне белсене қатысқан бірқатар студенттер колледж әкімшілігі тарапынан марапатталды. 

Мерекелік шара барасында білім алушылар құрметке бөленіп, әрбір студент жоғары көңіл - күй мен жаңа жетістіктерге деген шабытқа бөленді. 

Барлығымыз үлкен үмітпен күтетін жаңа жыл жақсылығымен келіп, табысты бастамалар мен жетістіктерге толы болсын!

Жаңа жыл құтты болсын!