«Біз жастарға өзін-өзі қамтамасыз ететін және экономиканы тиімді ететін білім береміз»
AA+
«Біз жастарға өзін-өзі қамтамасыз ететін және экономиканы тиімді ететін білім береміз»
AA+
+7 (777) 777-77-77

Notice: Undefined index: headerType in /var/www/vhosts/aralsk-aitk.edu.kz/httpdocs/templates/shkola_it/html/mod_btn/authMobileDropdown.php on line 20
Вход в аккаунт kz

Топ жетекші Перизат Абжамиқызының ұйымдастыруымен ІІ курс №126 «Электргазымен дәнекерлеуші» топ студенттерінің ата - аналарымен "Жүрек жылуы" (ата - аналарға арналған тренинг) атты жиналыс өткізілді.

Мақсаты: Бала тәрбиесі дамуындағы басты рөл атқарушы - отбасы. Сондықтан ата - ананың бала көңілін таба білуіне ой қозғау, өзін - өзі тануына бағыт беру, тәрбие жайлы пікір бөлісу. Ата - аналарға балаға рухани тәрбие берудегі отбасының рөлі жайлы түсіндіру.

Міндеті: ата - аналарды өздерінің балаларының жан - дүниесін түсінуге шақыру.

Тренинг «Танысу» жаттығуымен басталып, «Қызықты сұрақтар» ойыны, «Бақыт деген не өзі», «Аяқталмаған сөйлем», «Балама қандай жылулық беремін?», «Ащы пияз» қазіргі заман аңызы, «Таңды қалай қарсы аламын?» бөлімдері бойынша жұмыс жүргізілді. Жиналыс барысында колледждің ішкі тәртібі, студенттердің сабақ үлгірімі, қарым - қатынасы жайлы сөз қозғалды.

«Ата - анаға көз қуаныш,

Алдына алған еркесі,

Көңіліне көп жұбаныш.

Гүлденіп ой - өлкесі, - деп Абай атамыз ата - ананың қуанышы, гүлденген үміт, арманы тек перзент сүю, оны тәрбиелеу екендігін айтқысы келген екен. Ендеше, ата - аналар, қолымыздағы алтынымызды жақсылап тәрбиелейік және біз оларға үлгі болар бейне екенімізді ұмытпайық.» - деп топ жетекші жиналысты аяқтады.