Қызылорда облысының білім басқармасы, Қызылорда облысының полиция департаменті және Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасының жасөспірімдер арасында құқық бұзушылық пен есірткі, лудомания, вейп темекі мен интернетке тәуелділіктің алдын алу мақсатында бірлескен қадамдық жұмыс жоспары жалғасын табуда. Жоспарға сәйкес «Өз көзіңмен көр» шарасы аясында Арал индустриалды - техникалық колледжінің студенттері Арал аудандық сотқа барып, ашық сот отырысына қатысты.