«Біз жастарға өзін-өзі қамтамасыз ететін және экономиканы тиімді ететін білім береміз»
AA+
«Біз жастарға өзін-өзі қамтамасыз ететін және экономиканы тиімді ететін білім береміз»
AA+
+7 (777) 777-77-77

Notice: Undefined index: headerType in /var/www/vhosts/aralsk-aitk.edu.kz/httpdocs/templates/shkola_it/html/mod_btn/authMobileDropdown.php on line 20
Вход в аккаунт kz

Қызылорда облысының білім басқармасы, Қызылорда облысының полиция департаменті және Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасының жасөспірімдер арасында құқық бұзушылық пен есірткі, лудомания, вейп темекі мен интернетке тәуелділіктің алдын алу мақсатында бірлескен қадамдық жұмыс жоспарына сәйкес «Өз көзіңмен көр» шарасы аясында Арал индустриалды - техникалық колледжінің студенттері Арал ауданының полиция бөліміне барып, полиция органдарының жұмыс орындары және жұмыс барысымен танысып кайтты. Полиция бөлімінің маманы Арал АПб - нің кезекші бөлімшесінің бастығы, полиция майоры Жалғасбай Ербол Тастыбайұлы қала бойынша бақылау камераларының жұмысымен, АПб - нің ЖПҚб - нің ҰаЖТ - инспекторы, полиция капитаны Бекмамабетов Берекет Мақсатұлы қару - жарақ сақтау бөлімі, оның ережелері, Ерен еңбектері үшін марапатталған полиция қызметкерлерінің жетістіктерімен таныстырды. Арал АПб - нің кезекші бөлімшесінің инспекторы полиция аға лейтенанты Құлияс Бақдаулет Сексенбайұлы күдіктілерді орналастыратын уақытша қамау изоляторын аралатып, жасөспірімдердің арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу туралы түсіндірме жасап, жастарға ағалық кеңестерін айтты.