Арал қаласына «GEOPARK ARAL» жобасын бағалау мақсатында келген ЮНЕСКО өкілдері Арал индустриалды - техникалық колледжінде болды. Халықаралық сарапшылар делегациясын ЮНЕСКО - ның Ғаламдық геопарктер кеңесінің мүшесі Алиреза Амирказеми және Алматы қаласындағы ЮНЕСКО өңірлік кеңсесінің маманы Елена Осипова бастап келді.
Колледжге ат басын тіреген қонақтарға дәстүрлі тағамдар ұсынылып, ұлттық құндылықтарды дәріптеуге бағытталған киіз үй жабдықтары мен «Балық өндірісі» мамандығының көрмесі ұйымдастырылды. Халқымыздың рухани мұрасына қызығушылық танытқан шетелдік қонақтар колледждің естелік кітабына өз қолтаңбаларын қалдырып, кәсіби маман дайындау мүмкіндіктеріне сәттілік тіледі.
Сонымен бірге, оқу орны ауласында жас шыбықтар отырғызу рәсіміне қатысып, табиғатты қорғау мен көгалдандыру ісіне өз үлестерін қосты.

