2024 жылғы 14 ақпанда Арал индустриалды-техникалық колледжінде «Worldskills Kazakhstan» республикалық кәсіби шеберлік конкурсының
колледжішілік іріктеу кезеңі өткізілді.
Жұмысшы мамандықтарының мәртебесін арттыруға және шеберлік дағдыларын дамытуға арналған кәсіби шеберлік конкурсында барлығы жиырма білім алушы «СӘН ТЕХНОЛОГИЯСЫ», «ҰСТАЛЫҚ ЖҰМЫСЫ»,
«ДӘНЕКЕРЛЕУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ», «ЖЕҢІЛ АВТОМОБИЛЬДЕРГЕ ТЕХНИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ» құзіреттіліктері бойынша өз білімдерін сынады.
WorldSkills - жас кадрларды кәсіби деңгейде даярлап шығуға бағытталған жоба. "WorldSkills"- жұмысшы кәсібі мен шеберлік дағдысының беделін арттыруды көздейтін халықаралық қаржылық емес қозғалыс. Мақсаты жұмысшы мамандығының беделін көтеру, техникалық кәсіптер, оның ішінде жұмысшы кәсібіне деген жастардың қызығушылығын арттыру. Бұл жоба жастарға берілген мол мүмкіндік.
Колледж бойынша айқауға төрт құзіреттілік бойынша жиырма студент қатысты.
Аталған құзыреттіліктер бойынша болашақ мамандардың біліктіліктері мен шеберліктерін анықтау мақсатында әлеуметтік серіктес мекеме өкілдері де қатысып сарапшылық жасады.
Конкурс нәтижесінде әр құзыреттілік бойынша өз мамандығының қас шеберлері анықталып, сертификат тапсырылып, «Worldskills» чемпионатының облыстық кезеңіне жолдама алды. Болашақ мамандардың өз құзыреттіліктерін жақсы меңгеріп, іс жүзінде шеберліктерін көрсете білуіне баули білген өндірістік оқу шеберлері мен оқытушыларға алғыс айтамыз.