Қызылорда облысының білім басқармасының 23-27 ақпан аралығында "WORLDSKILLS – 2026" чемпионатының іріктеу кезеңін өткізу жоспарына сәйкес Арал индустриалды-техникалық колледжі базасында колледжішілік worldskills кәсіби шеберлік байқауы өткізілді.
Байқаудың негізгі мақсаты – жас мамандардың кәсіби дағдыларын дамыту, мамандықтар бойынша білім мен тәжірибе бәсекесін жоғары деңгейде қалыптастыру және еңбек нарығына дайын білікті жұмысшы кадрларды даярлау арқылы жұмысшы мамандықтарының беделін арттыру.
Колледжішілік чемпионат алты құзыреттілік бойынша ұйымдастырылды:
• «Графикалық дизайн»
• «Кірпіш қалау»
• «Дәнекерлеу технологиялары»
• «Сән технологиясы»
• «Жеңіл автокөліктерді жөндеу және қызмет көрсету»
• «ЧПУ станоктарында токарлық жұмыстар»
Чемпионат барысында қатысушылар өз мамандықтары бойынша кәсіби шеберліктерін көрсетіп, теориялық білімдері мен тәжірибелік дағдыларын сынға салды.
Байқауға «Аралтұз» АҚ зауыты, Арал құрылысы ЖШС, Азаматтарға арналған үкімет МК КЕАҚ Қызылорда облыстық филиалының Арал аудандық бөлімі, «Әділет Сервис-2002» ЖШС, Алтынбекұлы ЖК, «Ай-Аружан» тігін шеберханасы серіктес мекемелерінен келген тәжірибелі мамандар сарапшылық жасады.
Жас мамандарды кәсіби деңгейде даярлап шығуға бағытталған байқау соңында сарапшылар шешімімен жеңімпаздар анықталып, марапаттар табыс етілді.

