Арал индустриалды-техникалық колледжінде "WorldSkills-2025" облыстық чемпионатына іріктеу аясында колледжішілік байқау өткізілді.
Бұл байқау кәсіби шеберлікті дамытуға, жаңа мүмкіндіктерге жол ашуға және білім алушылардың дағдыларын көрсетуге таптырмас мүмкіндік береді. Ол жас мамандардың кәсіби дағдыларын жетілдіруге, құрылыс саласындағы заманауи технологияларды меңгеруге, жоғары біліктілікке қол жеткізуге және ұлттық әрі халықаралық чемпионаттарға қатысу тәжірибесін арттыруға бағытталды.
Байқау 6 құзыреттілік бойынша өткізілді:
- "Жеңіл автомобильдерді жөндеу және қызмет көрсету";
- "Сандық бағдарламалық басқару станоктарында фрезерлік жұмыс";
- "Сән технологиясы";
- "Графикалық дизайн";
- "Кірпіш қалау";
- "Дәнекерлеу технологиясы".
Аталған шараға әлеуметтік серіктес мекемелерден келген сарапшылар қазылық етіп, байқау критерийлеріне сәйкес бағалау жүргізді. Сайыс нәтижесінде жеңімпаздар облыстық кезеңге жолдама алып, белсенділік танытқан білім алушылар алғыс хаттармен марапатталды.