«Біз жастарға өзін-өзі қамтамасыз ететін және экономиканы тиімді ететін білім береміз»
AA+
«Біз жастарға өзін-өзі қамтамасыз ететін және экономиканы тиімді ететін білім береміз»
AA+
+7 (777) 777-77-77
Вход в аккаунт kz

Қызылорда қаласында Облыстық білім басқармасы басшыларының қатысуымен «Worldskills - 2025» облыстық кәсіби шеберлік байқауының жеңімпаздарын марапаттау салтанаты өтті. Мерекелік шараға Арал индустриалды - техникалық колледжінің бір топ жеңімпаздары қатысты. Салтанатты шарада облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары Есенбаев Бекжан Шахизатұлы жеңімпаздарымызды құттықтап, марапаттар табыс етті. 
Жалпы колледж бойынша «Worldskills - 2025» чемпионаттың аймақтық іріктеу кезеңінде білім алушылармыз 6 құзыреттілік бойынша бақ сынап, 5 құзыреттіліктен жүлделі орындарға ие болды. Яғни «Дәнекерлеу технологиясы» құзыреттілігінен Т.Әбдібахыт І орын, жетекшісі - Қ.Утегенов;
«СББ станоктарындағы токорлық жұмыстар» құзыреттілігінен Д.Махамбетғалиев І орын, жетекшісі - Ж.Қанатбаева;
«Графикалық дизайн» құзыреттілігінен Д.Замадин ІІІ орын, жетекшісі - А.Қонысбайқызы;
«Сән технологиясы» құзыреттілігінен Г.Мақашова, А.Кариева ІІ орын, жетекшісі - Г.Алиева, А.Кенжебаева;
«Жеңіл автомобильдерді жөндеу және қызмет көрсету» құзыреттілігінен Ж.Сәрсенов (жетекшісі - А.Алибеков) ІІІ орынды жеңіп алды. 
І орын иеленіп, үздік атанған 2 білімгеріміз қараша айында Астанада өтетін республикалық чемпионатта облыс атынана бақ сынайтын болады.
Барлық қатысушыларды жақсы нәтижелерімен құттықтаймыз!