Бүгін сәуір айының 28-де Арал индустриалды-техникалық колледжінде ТжКББ оқу орындары студенттері арасында «Дәнекерлеу технологиясы» құзіреттілігі бойынша WorldSkills кәсіби шеберлік байқауының облыстық кезеңі басталды.
Колледж базасында осымен үшінші жыл қатарынан өткізілгелі отырған байқауға облысымыздың алты колледжі:
1. Қазалы аграрлы-техникалық колледжі;
2. М.Ықсанов атындағы Қызылорда политехникалық колледжі;
3. Жаңақорған аграрлы-техникалық колледжі;
4. И.Әбдікәрімов атындағы Қызылорда политехникалық жоғары колледжі;
5. Арал индустриалды-техникалық колледжі;
6. Қазалы көлік-техникалық жоғары колледжінің білім алушылары қатысуда.
Байқаудың ашылу салтанатын Қызылорда облысының білім басқармасы, Облыстық оқу орталығы (әдістемелік кабинет) техникалык және кәсіптік білім білімінің бас маманы, облыстық техникалық делегат Танмамбет Ұлан Жетібайұлы ашып берді. Сөз барысында 2025 жылдың Жұмысшы мамандықтар жылы деп жариялануына орай жастардың еңбекке деген көзқарасын жаңғыртуға бағытталған шаралардың маңыздылығын айтып, қатысушы студенттерге сәттілік тіледі.
Колледж директоры Айназаров Раким Утемуратович та өткізіліп отырған облыстық чемпионатқа оң көзқарас білдіре отырып, білікті кадрлар даярлау жолында ел болашағы саналатын жастарды әрдайым қолдайтынын жеткізді.
Бұл жобаның жастарға берілген мол мүмкіндік екені айтылған салтанатты шара өнерпаздардың мерекелік концертімен әрленді. Содан соң байқаудың бас сарапшысы Піржанов Әділжан Орынбасаровичтың түсіндірумен қатысушылар конкурстық модуль тапсырмаларын бастап кетті.
Бүгінгі аймақтық чемпионатқа қатысушылардың барлығына сәттілік тілейміз!!