«Біз жастарға өзін-өзі қамтамасыз ететін және экономиканы тиімді ететін білім береміз»
AA+
«Біз жастарға өзін-өзі қамтамасыз ететін және экономиканы тиімді ететін білім береміз»
AA+
+7 (777) 777-77-77
Вход в аккаунт kz

Бүгін Ақтау қаласында түркітілдес елдер арасындағы тұңғыш «TurkicSkills-2025» кәсіби шеберлік чемпионаты басталды. Чемпионатқа Түркі мемлекеттерінен келген техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының студенттері, сарапшылар мен сала өкілдері қатысуда. Жарысқа 10 құзырет бойынша 16-22 жас аралығындағы 70-тен астам жас маман, 90-ға жуық жоғары білікті сарапшылар қатысуда. Сондай-ақ кәсіби чемпионатқа Қызылорда облысының ТжКББ саласынан арнайы делегация барды. Олардың құрамында Арал индустриалды-техникалық колледжінің аға шебері Н.Нурманов пен өндірістік оқу шебері Ж.Канатбаева да бар. Жұмысшы мамандықтарының беделін арттыру, жас мамандар арасында тәжірибе алмасу, түркітілдес елдердің жастарымен ынтымақтастықты дамыту мақсатындағы шара 9 қазанға дейін жалғасады.