4 ақпан - Дүниежүзілік қауіпсіз интернет күніне орай «Цифрлық әлемде қауіпсіз қадам» атты ашық тәрбие сағаты өтілді
№132 тобында өткен ашық тәрбие сабағында білім алушылар интернеттегі қауіпсіздік ережелерімен танысып цифрлық әлемде қауіпсіз әрекет етуге, ақпараттық сауаттылығын дамытуды және қауіпті жағдайлардың алдын алуды үйренді .
Ж. Кыркабакова дүниежүзілік желі туралы ақпаратпен бөлісіп «Жеке шегаралар қандай?» терминдерінің нені білдіретінін және жеке шегараның не үшін қажет екенін сұрады. Білім алушылар «Блоб ағашы» әдісі арқылы цифрлық әлемдегі сауаттылығының деңгейінің қандай екенін көрсете алды. «Джованни құпиясы» ашылып, топта фактілерді салыстыру арқылы үш сұраққа жауап алу үшін ой салынып «Мен интернетсіз күнді қалай өткіземін?» сұрағына жауап алынды. Желідегі қауіпсіздік туралы ақпарат айтылып, интернеттегі және әлеуметтік желілердегі жеке деректерді қорғау бойынша кеңестер берілді.
Білім алушылар «Цифрлық әлемде қауіпсіз қадам жасау үшін, мен ...» шеңберін толтырып өз пікірлерімен бөлісті.