«Біз жастарға өзін-өзі қамтамасыз ететін және экономиканы тиімді ететін білім береміз»
AA+
«Біз жастарға өзін-өзі қамтамасыз ететін және экономиканы тиімді ететін білім береміз»
AA+
+7 (777) 777-77-77

Notice: Undefined index: headerType in /var/www/vhosts/aralsk-aitk.edu.kz/httpdocs/templates/shkola_it/html/mod_btn/authMobileDropdown.php on line 20
Вход в аккаунт kz

Арал индустриалды-техникалық колледжінде 16-20 қыркүйек аралығында «Тіл –ұлттың жаны» атты апталық өткізілді. Апталықтың бірінші күнінде апталықтың ашылу салтанаты болып өтті. Шараның мақсатымен П.А.Қанатова таныстырды. Сол күні «Тіл –ұлттың жаны» тақырыбында І курс студенттері сурет салу арқылы тілге құрметтерін білдірді.

Апталықтың екінші күнінде «Көркем сөз - көңіл тілі» яғни, А.Байтұрсынұлы туралы 10 дерек, «Тіл білімінің атасы» атты жоба қорғау мен эссе шығармашылық жұмыстары өз дәрежесінде алынып, жеңімпаздар анықталды. Сонымен қатар сол күні «Тіл мәртебесін ұлықтайық!» тақырыбында І курс білім алушылар арасында зияткерлік сайыс өтті. «Мықты болсаң тауып көр», «Жүйрік болсаң шауып көр», «Ойлы болсаң озып көр» атты 3 кезеңнен тұратын бұл сайыста 1- орынды №135, 2- орынды №134, 3-орынды №133 топтар өзара бөлісті.

Апталықтың үшінші күні 18 қыркүйекте «Дружат люди — дружат языки» тақырыбында І курс білім алушылар арасында зияткерлік сайыс өтілді.

Сайыстың мақсаты: студенттердің тіл туралы білімдерін жаңарту және кеңейту, тілдерге деген сүйіспеншілік пен қызығушылықтарын арттыру, достық пен өзара түсіністікке тәрбиелеу.

Бұл сайыс «Знатоки», «Искатели» топтары арасында болды.

Сайыс «Закончите пословицу», «Переводчик», «Полиглот», «Кто быстрей ответит?» атты кезеңдерден тұрды. Нәтижесінде «Знатоки» командасы жеңіске жетті. Белсенділік танытқан білім алушылар марапатталды.

19 қыркүйекте «Eternal memory of the Queen» тақырыбында 1 курс білім алушыларына сыныптан тыс шара өткізіліп, тарихи шолу жасалды. Шара барысында білім алушыларға адамзат тарихындағы ең ұзақ билік еткен патшайым «Eternal memory of the Queen Elizabeth II» туралы қызықты мәліметтер беріліп, өмір тарихына видеошолу көрсетілді.

Апталық қорытындысында белсенді қатысушылар маратталып, алғыс хаттар табыс етіді.