«Біз жастарға өзін-өзі қамтамасыз ететін және экономиканы тиімді ететін білім береміз»
AA+
«Біз жастарға өзін-өзі қамтамасыз ететін және экономиканы тиімді ететін білім береміз»
AA+
+7 (777) 777-77-77

Notice: Undefined index: headerType in /var/www/vhosts/aralsk-aitk.edu.kz/httpdocs/templates/shkola_it/html/mod_btn/authMobileDropdown.php on line 20
Вход в аккаунт kz

Арал индустриалды - техникалық колледжінде «Тігіншілік - қолмен қиялдың еңбегі» атты «Сымбат» тігіншілер бірлестігінің апталығының алғашқы күні «Эскиз салу және муляждау» атты сайыс сабақ өндірістік оқыту шеберлері Б.Исанова мен К Әлиеваның ұйымдастыруымен болды. Сайыста білімгерлер 3 топқа бөлінді. Сайыс 2 кезеңнен тұрды. Сайыстың І кезеңінде "Кешкі көйлегінің көркемдік эскизін салу" тапсырмасы берілді. Көркемдік эскизді  нақты сызылған, түсі, силуэті, материалы, әрлеуі, адамның фигурасында қандай болуы керек екендігіне баса назар аударылды. Сайыстың екінші кезеңіе берілген тапсырма: "Берілген матадан әйелдер көйлегінің муляжын" жасау.  Муляж әдісі" немесе "шаншу әдісі" арқылы киімнің макетін матамен және түйреуіштермен манекенде жасады. Төрешілер сайысқа әділ бағаларын беріп, І орын №136 топ білімгерлері Алмағанбет Ақнұр, Кенжебулатова Ұлжан, ІІ орын №122 топ Құдайбергенова Айсауле, Кариева Ақниет, ІІІ орын №133 топ Қожахметова Карима, Еділбайқызы Баян жеңіп алды.Жеңімпаздарға өз мамандықтарына деген сүйіспеншіліктерінің арта берулеріне тілек білдіреміз!