2026 жылғы 1 сәуір күні «Тігін өндірісі және киімдерді үлгілеу» әдістемелік бірлестігінің «Тігін өнері – талғам мен табыс бастауы» атты апталығының үшінші күні тігінші мамандығының арнайы пән оқытушысы Л.Ибрагимованың жетекшілігімен ІІ курс студенттері арасында "ҮЗДІК СӘН ЭСКИЗІ" атты сайыс сабақ өткізілді.
Сабақтың мақсаты: студенттердің шығармашылық қабілеттерін дамытып, қиялын ұштау арқылы эскиз салу дағдыларын жетілдіру және киім үлгісін дұрыс бейнелеуге үйрету. Сән әлеміне қызығушылықтарын арттыру, эстетикалық талғамын қалыптастыру. Өз ойын қағаз бетіне нақты әрі көркем жеткізе білуге дағдыландыру.
Студенттер қиялдарына ерік бере отырып, қағаз бетіне түрлі стильдегі сән үлгісін бейнелеп шығару арқылы шығармашылық қабілеттерін шыңдауға белсене атсалысты. Нәтижесінде әр детальді орынды қолдана отырып, нақты жұмыс көрсете білген қатысушылар еңбегі жоғары бағаға ие болды.

