«Біз жастарға өзін-өзі қамтамасыз ететін және экономиканы тиімді ететін білім береміз»
AA+
«Біз жастарға өзін-өзі қамтамасыз ететін және экономиканы тиімді ететін білім береміз»
AA+
+7 (777) 777-77-77

Notice: Undefined index: headerType in /var/www/vhosts/aralsk-aitk.edu.kz/httpdocs/templates/shkola_it/html/mod_btn/authMobileDropdown.php on line 20
Вход в аккаунт kz

Мемлекет басшысы жариялаған Жұмысшы мамандықтарының жылы аясында өткен «Жұмысшы мамандықтар қаласы» фестиваліне Арал индустриалды-техникалық колледжінен бір топ делегация қатысты. Осы шара аясында техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының   арасында  техникалық және кәсіптік білім беру жүйесін  трансформациялау жөніндегі 2025-2027 жылдарға арналған жол картасы негізінде меморандумдар жасалды. Арал индустриалды-техникалық колледжінің директоры Р.Айназаров  Түркістан облысының білім басқармасының  Түркістан индустриалды-құрылыс колледжімен екі жақты меморандумға қол қойды.

Бұл екі жақты меморандумның мақсаты – техникалық кәсіптік білім беру саласындағы ғылыми зерттеулер, педагогикалық кадрлардың біліктілігін арттыру және білім беру қызметкерлерінің саясатын әзірлеу мен жүзеге асыру мен студенттердің академиялық мобильділігін жүзеге асыру.

Тараптардың өзара іс-қимылы, сондай-ақ аталған салада келіссөз жүргізуші мекемелер арасында ынтымақтастықты дамыту және қолдау болып табылады.

Кездесу барысында колледж білім алушыларын 2024-2025 оқу жылында өндірістік іс-тәжірибеге тарту, білім бағдарламаларын сәйкестендіру және білім сапасын көтеру бойынша бірлескен жұмыстарды атқару мәселелері талқыланды.