Студенттер «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясына атсалысты
2024 жылғы 6 мамырда «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында Арал индустриалды-техникалық колледжінің ауласына тал отырғызу жұмыстары жүргізілді. №124 «Токарь» мамандығының бір топ студенті тал көшеттеріне су құйып, колледж ғимаратының алдына жаңадан жас шыбықтар әкеп отырғызды.
«Табиғатты қорғау – адамзаттың борышы» деген ұғымды жадыларында ұстаған студенттердің игі істері көз қуантады.