Арал индустриалды-техникалық колледжінде 2024 жылдың 9-12 желтоқсан аралығында Тарих және география пәндер бірлестігі бойынша «Күн нұрындай нұрланып, әлемге өзін танытқан Тәуелсіз елім - Қазақстан!» атты апталық ұйымдастырылды. Бірлестік мүшелері: Л. Аймурзаева, А. Қараева, Н. Жолдыбаевалар.
Мақсаты: Білім алушылардың гуманитарлық бағыттағы пәндерді оқуға деген қызығушылығы мен шығармашылық қабілеттерін арттырып, пәндер бойынша білімдерін тереңдету; ата-бабаларымыздың біліктің күшімен, найзаның ұшымен қорғап қалған жерін, елін сүюге тәрбиелеу, патриотизмге баулу.