Колледж кітапханасында «Оқуға құштар колледж», «Балалар кітапханасы» жобасымен «Бір колледж - бір кітап» акциясы аясында жазушы Тобық Жармағамбетовтың "Отамалы" әңгімесі бойынша оқырмандар конференциясы өткізілді. "Отамалы" әңгімесі ата - бабаларымыздың өткен өлшемші өмірін, ауыр азалы тіршілігін танып түсіну үшін, бақытты бағалай білу үшін керек.
Шарада тарих пәні мұғалімі Н. Т.Жармағамбетовтың талантқа тән тереңдікпен, сыршылдық пен қалам тербеген "Отамалы" әңгімесі барша оқырмандардың көңілінен шыққан, өте әсерлі, мазмұнды қазақ даласында болған оқиғаны, жүрек зарына толы қайғылы жағдайды айтып өтті.
Колледж студенттері Әскер Еркебұлан, Маратұлы Нұрислам әңгімедегі Отамалының ата - анадан айрылып, жақын туыстың аялы алақанын сезбей, жалғыз ғұмыр кешіп, байдың малын аман алып қаламын деген оймен, өзінің өмірін қойдың соңында өткізген, жетімдік көрген қайғылы тағдыры елең еткізгенің және байға деген ызалы сөзі, сол бес күндік боранда, ес түссіз жүрегі тоқтағанмен, оның рухының өлмегендігі елең еткізген әңгімені айтып, ойларымен бөлісті.Т.Жармағамтетовтың «Отамалы» әңгімесі әдебиетіміздің алтын қорында асыл мұра болып қалмақ бермек.