Колледж білім алушыларының тәртібі мен жауапкершілігін арттыру мақсатында Арал индустриалды - техникалық колледжінде «ТӘРТІП - ЖАУАПКЕРШІЛІК ПЕН ОРТАҚ МІНДЕТ» атты ата - аналар жиналысы болып өтті.
Аталмыш жиынға Арал аудандық прокуратурасының прокуроры Н.Зияу, учаскелік полиция инспекторы, аға лейтенант Б.Тілеулесов, аудандық емхана наркологы Б.Бармағанбетов және колледж əкімшілігі қатысты.
Жиналыс барысында колледж директоры Р.Айназаров студенттердің білім деңгейі мен тəртібі және олардың өмір қауіпсіздік ережесі туралы хабарлама жасады.
Жасөспірімдер арасында құмар ойындар мен құқық бұзушылықтарға жол бермеу шараларына прокурор Н.Зияу түсіндірме жүргізді. Полиция аға лейтенанты Б.Тілеулесов жасөспірімдердің қылмыстық жауапкершілігі мәселелеріне тоқталды. Ал нарколог маман Б.Бармағанбетов жастар арасында нашақорлық пен алкогольді тұтынудың жиілеуі және оның денсаулыққа тигізетін салдары туралы әңгімеледі. Сондай - ақ бұл ретте тәртіп пен тәрбиенің басты тетігі ата - анада екендігін баса айтты.
Жиын соңында колледж басшысы жасөспірімдер тәрбиесі мен болашақ маман даярлауда ата - аналарды бірлесе жұмыс жасауға шақырды.


