Білім алушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында Арал индустриалды-техникалық колледж қызметкерлер түнгі рейдке шығуда. Жергілікті полиция инспекторларымен бірлесе отырып жүргізілген түнгі рейд жұмыстары сәуір айында да жалғасты.
Рейдтік шара барысында жастар мен жасөспірімдер жиналатын орындар мен адамдар көп шоғырланатын жерлерді аралау жұмыстары қамтылады. Сондай-ақ көшеде жүретін жастарға түн мезгілінде жүрудің қауіптілігі туралы түсіндірме жүргізілуде.