2023 жылдың 16 наурызында Облыстық оқу орталығы(әдістемелік кабинет) мен М.Мәметова атындағы Қызылорда педагогикалық жоғары колледжінің ұйымдастыруымен техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының І курс студенттері арасында «Қазақ тілі — рухани қазына»(қазақ тілі), «Русская грамота — 2023»(орыс тілі) тақырыбында пәндік олимпиада өтті.
Қазақ тілі мен орыс тілі пәнін жетік меңгерген білім алушыларды анықтау мақсатында ұйымдастырылған пәндік олимпиадада Арал индустриалды-техникалық колледжінің студенті Сағындықова Шолпан қазақ тілінен жүлделі ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталды. Ал орыс тілі пәнінен Бексұлтанов Дамир мақтау қағазын иеленді.