Колледж суденттерінің уақытты тиімді пайдаланып, ел болып жұмылған игі істерге араласуы көңіл қуантады. Олар бүгінде мамандыққа машықтанып қана қоймай, ерікті түрде ауданда салынып жатқан жаңа мешіт құрылысына да көмектесуде. Алла үйінің бой көтеруіне колледждің «Құрылыс шебері» мамандығының ІІІ курс студенттері қатысып, сауапты іске қол ұшын беріп қайтты.
Мұндай сауабы мол, қайырлы істер алдағы уақытта да жалғасын табатын болады.