«Біз жастарға өзін-өзі қамтамасыз ететін және экономиканы тиімді ететін білім береміз»
AA+
«Біз жастарға өзін-өзі қамтамасыз ететін және экономиканы тиімді ететін білім береміз»
AA+
+7 (777) 777-77-77
Вход в аккаунт kz

Бүгін колледж білім алушылары «Суды үнемде - болашақты сақта» атты су үнемдеу тақырыбындағы республикалық экологиялық сағатқа YouTube платформасында онлайн форматта қатысты.
Олар эко-сағатты тамашалау арқылы Арал өңіріндегі су тапшылығы жағдайында суды күнделікті тұрмыста және ауыл шаруашылығында үнемді пайдалану технологияларын кеңінен қолдану тетіктері туралы көптеген мәліметтерге қанықты. Сонымен бірге табиғатты сақтау жөніндегі маңызды ойлармен танысты.
Эко-сағаттың негізгі мақсаты - жастардың су ресурстарына деген жауапкершілігін арттыру, суды тиімді пайдалану мәдениетін қалыптастыру және заманауи су үнемдеу технологияларын насихаттау болды