Студенттер кәсіпорындарға саяхат жасады
Арал индустриалды-техникалық колледжінің экономика негіздері пәнінің оқытушысы Л.Аймурзаева Арал аудандық жастар ресурстық орталығының мамандарымен бірлесе отырып колледж студенттерімен нарықтық заманында кәсіпкерлікті кеңінен насихаттау мақсатында кәсіпорындарға саяхат жасады. Саяхаттау барысында студенттердің кәсіпкерлік қабілеттерін ашу және болашақ бизнесмендерді дайындау негізінде жеке кәсіпкер М.Нысановтың жиһаз жасау цехы мен «Атамекен» балық зауытына барып, кәсіпкерлікке деген батыл қадам жасауға, өз бизнесін ашуға деген қызығушылықтарын оятты.
Студенттер кәсіпорындарға саяхаттау барысында кәсіби дағдыларды игеруге, оның ішінде коммуникация құруға, жобаларды басқаруға, маркетинг және қаржы бойынша мағлұматтар ала отырып, іс жүзінде қолдануға мүмкіндік алды.