СТУДЕНТТЕР КҮНІНДЕ ЖАСТАР РЕСУРСТЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ АЛҒЫС ХАТТАРЫ ТАБЫС ЕТІЛДІ
17 қараша – Халықаралық студенттер күніне орай Арал индустриалды-техникалық колледжінде салтанатты жиын болып өтті. Мерекелік жиын барасында колледж директоры Р.Айназаров білім алушыларды құттықтап, жүрекжарды жылы лебізін білдірді.
Шараға аудандық Жастар ресурстық орталығының мамандары да арнайы келіп, ақ тілектерін арнады. Сонымен бірге оқудағы қол жеткізген жетістіктері мен қоғамдық жұмыстарға белсене араласқан бір топ студентке Жастар ресурстық орталығы директоры А.Есеевтің атынан алғыс хаттар табыс етті.
Құрметті, студенттер қауымы! Егеменді еліміздің ертеңі болатын жігерлі жастардың алдыңғы қатарынан көрініп, кәсіби білікті маман атануларыңа тілектеспіз. Мерекелеріңіз құтты болсын!