Үстіміздегі жылы халық жазушысы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Әбдіжәміл Нұрпейісовтың туғанына 100 жыл толып отыр. Осыған орай Арал индустриалды-техникалық колледжінің білім алушылары Арал қалалық тарихи-мұражай үйінде болып қайтты. Аталмыш орында қалалық №1 кітапхана қызметкерлерінің ұйымдастыруымен «ХАЛЫҚ ЖАЗУШЫСЫ» атты еске алу кеші өткізілді. Кеш мазмұны Арал тағдырын ел тағдыры деп қарап, өшпес туындылары арқылы әлемге әйгілі болған жазушы шығармашылығын қалың оқырманға таныстыру мақсатында өрбіді.
Сондай-ақ Ә.Нұрпейісовтің бүкіл еңбектері қойылып, қоғам қараткерлерімен отбасымен түскен суреттері қабырғаға ілінген мұражай үйінің әр бөлмесі жеке-жеке таныстырылды. Көз көргендердің естелік әңгімелері айтылып, кітап сөресіндегі шығармаларынан үзінділер оқылды. Халықтың рухани қазынасына айналған орында білімгерлер де жазушы туралы тың ақпараттармен қанығып, ерекше көңіл-күйге бөленді.