«Заң және тәртіп» қағидаты аясында жасөспірімдер арасындағы қылмыстық құқық бұзушылықтың алдын алу және оның қайталануын болдырмау мақсатында колледж студенттері Арал аудандық полиция бөлімінің жұмысы және тергеу изоляторының қызметімен танысты.
Іс - шара барысында студенттер Ішкі істер бөлімшесінде болып, құқық қорғау органдарының негізгі қызмет бағыттары, полиция қызметінің ерекшеліктері, сондай - ақ қызметтік қару - жарақтар мен арнайы құралдардың түрлері және оларды қолдану тәртібі жөнінде мағлұмат алды.
Аталған танымдық кездесу студенттердің құқықтық сауаттылығын арттыруға, заңға құрмет пен азаматтық жауапкершілікті қалыптастыруға бағытталды.

