Жастардың мобилография саласындағы қабілетін арттыру мақсатында Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары білім алушылары арасында «Жас мобилограф» байқауы өткізілді.
Сайыс М.Мәметова атындағы Қызылорда педагогикалық жоғары колледжінің ұйымдастыруымен өткізіліп, байқауға мобилография саласының жетекші маманы Төреахмет Нұртай және мобилограф, СММ маманы, таргетолог Хадиша Ғалымжанқызы әділқазылық жасады.
Сайыста қатысушыларға «Оқуға құштар орта» жобасы аясында 1 минуттық видеоролик дайындау тапсырылды. Бейнеролик шеберлері берілген 1 сағат уақыт аралығында тақырыпқа сәйкес видеоматериал түсіріп, монтаждап, әділқазылар алдында қорғады.
Аймақ деңгейіндегі аламанда 16 колледж студенті бақ сынасып, үздіктері анықталды. Нәтижесінде Арал индустриалды-техникалық колледжінің жүлде қоры толығып, студентіміз Тлектес Мақсат ІІ орын иеленді.