2024 жылғы 28 ақпанда «Қызылорда жоғары көпсалалы колледжі» мен «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ филиалының Қызылорда облысы бойынша кәсіби даму институтының ұйымдастыруымен "Қазақстанның инновациялық дамуы - басекеге қабілетті жастар" тақырыбында облыстық ғылыми-тәжірибелік конференция өткізілді. Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының білім алушылары арасында өткізілген конференцияға Арал индустриалды-техникалық колледжің білім алушысы А.Карбасова қатысып, жүлделі III орын ДИПЛОММЕН марапатталды. Жетекшісі өндірістік оқу шебері - Н.Нурманов.
Жетістік иелерін марапаттарымен шын жүректен құттықтаймыз!